"Сырлы өңір"

Категория: Новости
Дата: 01.11.2019
Просмотры: 262 Печать страницы

Қарашаның 1-ші жұлдызында Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында туған жер тарихы туралы "Сырлы өңір" тақырыбында жергілікті тарихшылар және өлкетанушылармен кездесу өткізілді. Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері, этнографтар, ақындар-Ә.Төреханұлы, Д.Бейсенбекұлы, Р.Дәбей және өлкетанушы ағаларымыз - Б.Ахметов, Т.Өмірбаев тағы басқа зиялы қауы өкілдері мен қаламыздағы "Диана" медколледжінің студенттері қатысты. Іс- шара барысында Жаркент өңірі тарихының ежелден бастау алатындығы, археологиялық қазбалар мен тарихи жәдігерлер, сакральды орындар жайында келелі кеңес өткізілді. Туған жер жайында ән шырқалып, игі ұсыныстар айтылды. Сөз арасында Б.Ахметов ағамыз өзі жинаған этнографиялық жәдігерлерін осы музейге сыйға тартатынын айтып өтті. Кездесу қонақтары осындай маңызды шараны ұйымдастырып отырған музей қызметкелеріне зор алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі.