“Ұлы дала бояулары”

Категория: Новости
Дата: 04.11.2019
Просмотры: 316 Печать страницы
“Ұлы дала бояулары”

Қараша айының 1 күні Ү. Кәрібаев әдеби- мемориалды музейінде “Ұлы даланың жетi қыры” макаласы аясында, әрі Ү. Кәрібаевтың 130 жылдық мерейтойына орай  “Ұлы дала бояулары” атты  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының ұстаздары, белгілі суретші, профессор  Т. Қожағұлов бастаған бір топ ғалым, ұстаздармен кездесу болып өтті. Жиында Жамбыл ауданының Үмбетәлі, Қарғалы, Қасымбек, Шолаққарғалы, Үңгіртас, Мыңбаев мектептерінің ұстаздары көрме өткізiп, сондай-ак аудандық білім және мәдениет бөлімі атсалысты. Соңынан көрмеге қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының грамоталарымен марапатталып, осы шараны ұйымдастырған суретші Ә. Искаков Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық естелік медалімен марапатталды.