6 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Алпамыс» жекеменшік бөбекжай-балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертегілер елінде» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрмеде Жетісу жерінде мекен ететін аң-құстары туралы мәліметтер ертегі желісінде айтылды. Шара сергіту сәтінен басталып, аң-құстардың ерекшеліктерін қимыл арқылы көрсетіп, қызықты мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндерді қызықтыру мақсатында жұмбақ ойыны ойнатылды. Бұл шара бүлдіршіндерге әрі пайдалы, әрі қызықты болғандығы соншалық, балалар үшін өте жақсы демалыс пен тосын сый болды.