Үстіміздегі жылдың қараша айының 12-де Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, жерлесіміз қолөнер шебері, Үшқоңыр мектебінің технология пәнінің мұғалімі Жаленов Қанат Сахитұлының «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге шебердің қолынан шыққан ағаштан, темірден, пластиктен жасалған бұйымдар болды. Атап айтсақ, көне қару түрлері, ертегі кейіпкерлері, қыран бүркіт, ыдыстар, бөрілер, қанжар және т.б заттар қойылды. Көрмені тамашалаған көрермендер қазақ халқының қолөнер үлгілерімен танысты.
Пресс-центр
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық»
Категория: Новости | |
Дата: 13.11.2019 | |
Просмотры: 333 | Печать страницы |