«Теңге – мемлекет келбеті»

Категория: Новости
Дата: 13.11.2019
Просмотры: 295 Печать страницы
«Теңге – мемлекет келбеті»

Ү.ж 13 қараша күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 15 қараша  - Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – мемлекет келбеті» атты танымдық сабақ өткізді. Мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихынан, ұлттық валютаның айналымға кіру  туралы мағлұмат беру; ұлттық валютамызды бағалай білуге, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.Сабақ барысында  теңгенің тарихы мен авторлары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ақшаның  Мемлекетіміздің Тәуелсіздігімен байланысы, нарықтағы және саясаттағы атқаратын рөлі және жалпы Мемлекет үшін маңыздылығы  түсіндірілді.  Сабақ соңында тақырыпқа байланысты танымдық сұрақтар қойылды.