«Музейдегі түн»

Категория: Новости
Дата: 13.11.2019
Просмотры: 271 Печать страницы
«Музейдегі түн»

 

         2019 жылдың 12 қараша күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде  «Музейдегі түн» жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық, «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық  мерейтойына арналған «Ілияс ізі: Еңбекші қазақтан - Егемен Қазақстанға дейін» атты  әдеби сазды кеш өтті. Мақсаты Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойымен ақынның өзі қызмет еткен мемлекетіміздің бас газеті, еліміздің басынан өткерген сан түрлі әлеуметтік дүниені, маңызы зор оқиғаларды қалт жібермей қалың оқырманға жеткізіп жүрген, қазақ үшін құнды, ұлт үшін ұлағатты, сол кездегі «Еңбекші қазақ» бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетіне биыл жүз жыл толуы жөнінде мәлімет беру.  Шара барысында «Жас түлек» студенттер театры актерлерінің орындауында «Ілияс» драмасынан үзінді қойылып, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті  акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының құттықтау сөзімен басталды.   Кеш қонақтары ҚХ Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі, ақын, Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, Ілиястанушы,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры Иманғазинов Мұратбек Мұбарақханұлы, Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бақтияр Әлтайұлы  сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының  дәстүрлі әншілері әуезді ән орындаса, «Ілияс оқулары» байқауының жеңімпаздары арнауларын оқыды. Кеш соңында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Мәрлен  Қапашұлы І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған 20 томдық жинақты «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің қорына табыстады.