
2019 жылдың қараша айының 13-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 10 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Діни келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дебат тақырыбы аясында қатысушы оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар бейбітшілік, толеранттылық жайлы тұжырымды ой, салмақты пікірлер айтылды.