Талдықорған-Шамалған бағыты

Категория: Новости
Дата: 15.11.2019
Просмотры: 364 Печать страницы
Талдықорған-Шамалған бағыты

2019 жылдың 13 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын іске асыру негізінде «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында Талдықорған-Шамалған бағыты бойынша «Жас экскурсовод» үйірме оқушылары мен Талдықорған қала колледжінің үздік студенттеріне тегін экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі, сондай ақ, «Анаға құрмет» және «Батыр бабалар» мемориалды музейлерін тамашалап, осы бағыт бойынша жол бойында орналасқан тарихи елді мекендер мен табиғат ескерткіштері жайлы қызықты мәліметтер айтылды. Саяхат соңында оқушылар мен студенттер есте қаларлық саяхат үшін музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін жазды.