«Тұрар және тарих»

Категория: Новости
Дата: 15.11.2019
Просмотры: 284 Печать страницы
«Тұрар және тарих»

         Үстіміздегі жылдың  12 – 13 қараша күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері қазақ халқының маңдайына біткен біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай  Байысов атындағы орта мектеп  оқушыларына «Тарихи тұлға» атты танымдық әңгіме өткізді. Сонымен қатар «Тұрар және тарих» атты көрме ұйымдастырылып көпшілік назарына ұсынылды. Мақсаты – есімі күллі  Түркі жұртына мәшһүр болған ұлы тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұловтың ұлағатты өмірі мен халқы үшін атқарған адал қызметі жайлы мағлұмат беру, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отанын және халқын сүюге тәрбиелеу. Танымдық әңгіме барысында өзінің аз ғана ғұмырын халық мүддесі үшін арнаған азаматтың атқарған ізгілікті істері мен еңбегі жайлы тың деректер берілді.