«Ұстаз – ұлы тұлға»

Категория: Новости
Дата: 15.11.2019
Просмотры: 286 Печать страницы
«Ұстаз – ұлы тұлға»

      Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие  беретін ғылыми-мәдени  және  рухани мекеме болғандықтан, мектеп, балабақша және басқа да білім ошақтарымен тығыз байланыста болып,бірлесе  іс-шаралар ұйымдастырып, еліміздің жас ұрпақтарының  ұлттық сана –сезімінің  жоғары  болып қалыптасуына  және оларға патриоттық тәрбие  беру бағытында        жастардың  мәдени білімі жоғары   жақсы маман болуларына ықпал ету мақсатында  « Музейдегі түн » жобасы аясында  Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде  «Ұстаз – ұлы тұлға»  атты тақырыпта Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұстаздарымен кездесу болып өтті.Аталған  іс-шара  музей  меңгерушісі Марал Оралбекқызының құттықтау сөзімен басталып, ары қарай  жүргізуші көпшілікке   ашық есік күнінің бағдарламасымен таныстырып, одан әрі жалпы музей жайлы, оның тарихы мен мәдениеттегі алар орны туралы мағлұмат беріп  өтті. Шоқан Уәлихановтай дара  тұлғамыздың   атқарған  ұлы істерін бүгінгі күні көпшілікке танытып  насихаттау мақсатында  қонақтарды музей экспозициясын аралатып, экскурсия жүргізілді.Одан кейін  аталған  мектептің  тарих пәні мұғалімі  Ғ. Атабаев  ауылдың тарихына қатысты  біраз деректер келтіріп, әңгімелер айтты. Сонымен қатар ұстаздар өздерінің  еңбек жолындағы  қызықты сәттерін  кезектесе айтып, мақтан етер үлгілі шәкірттерінің жетістіктерімен де бөлісті.