Ү.ж. қараша айының 15-де Ұлттық валюта күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Теңге- тәуелсідік нышаны" атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.Көрме жас ұрпаққа Тәуелсіздік символы-теңгенің тарихымен таныстыру және төл теңгенің шежіресімен қатар оның маңызын түсіндіріп, ақша тек айырбастау құралы емес, ол ұлттық құндылықтардың бірі екендігін ұғындыру мақсатында өтті.