"Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді сақтау және дәріптеу"

Категория: Новости
Дата: 19.11.2019
Просмотры: 332 Печать страницы

«Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі қараша айының 15 жұлдызы күні Жаркент қаласындағы № 6 орта мектеп интернатымен бірлесе отырып "Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді сақтау және дәріптеу" атты конференция ұйымдастырды. Конференцияға ауданымыздың құрметті азаматтары мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференция соңында мектеп жанындағы музейімен Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне экскурсия жүргізіліп, музей тарихы таныстырылды.