«Талдықорған –Шамалған» бағыты

Категория: Новости
Дата: 19.11.2019
Просмотры: 386 Печать страницы
«Талдықорған –Шамалған» бағыты

15 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын іске асыру негізінде «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында «Талдықорған –Шамалған» бағыты бойынша Талдықорған қала колледждерінің үздік студенттеріне екінші мәрте тегін экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.Саяхат барысында студенттер Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі, сондай-ақ, «Анаға құрмет» және «Батыр бабалар» мемориалды музейлерін тамашалап, көптеген құнды жәдігерлерді көріп, жол бойындағы табиғи ескерткіштер, тарихи орындар, кесенелер жайлы мәліметтер алып, олардың тарихымен танысып қайтты. Саяхат соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.