
2019 жылдың қараша айының 18-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай М. Жұмабаев атындағы Қойлық орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Ұлттық теңге - ұлт тәуелсіздігінің символы» атты лекция өткізді. Лекция барысында ақшаның шығу тарихы жайлы, сонымен қатар әлем өркениеттеріндегі ақшаның даму кезеңдері туралы айтылды.