Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды

Категория: Новости
Дата: 19.11.2019
Просмотры: 235 Печать страницы
Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды

14 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына арнайы шақырумен атамыздың ұрпақтарының атынан немерелері Жамбылов Жеңіс пен Жамбылова Салтанат барып қайтты. Жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асырылған. Ескерткіштің авторлары алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. «Әдеттегі канондардан бас тартып, ақынның қозғалыстағы, жанды бейнесін көрсетуге тырыстық. Сондықтан ақынның 50-60 жастағы кезін бейнеледік» дейді мүсіншілер.