"Желтоқсан жадымызда жаңғырады... "

Категория: Новости
Дата: 19.11.2019
Просмотры: 381 Печать страницы

Бүгін 19-қараша күні Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінің бастамасымен туған ауылы Еңбекшіде Ерболдың есімімен аталатын  орта мектепте Желтоқсан құрбаны Е. Сыпатаевқа  экспозиция құрылып "Желтоқсан жадымызда жаңғырады... " тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Арнаулы шараға- ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Исламғали Үркімбайұлы,  ақын Құдайберді Құсайын және аудандық "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің" бас маманы Нұрәділ Бегімбет,  облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейіт т. б. қонақтар қатысты. Ерболдың сынып жетекшісі,  мектеп директоры Д. Адилов,  бала кезден бірге өскен досы Х. Бөгенбаевтар Ербол жайлы естеліктер айтты. Ақындар Е. Сыпатаевқа арналған шағын поэмаларынан үзінді оқып,  журналистер жазылған мақалалалар мен бастамалары жайында айтып өтті. Кітапханашы Е. Тұтқабекова мен музей экскурсия жүргізушісі Г. Оңғарбай  Ерболдың өмірі туралы үзінділер оқып,  мектеп оқушылары патриоттық тақпақтарын нақышына келтіре айтып берді. Сөз соңын музей меңгерушісі Қ. Ибрайымжанов қортындылады. Іс- шараға қатысушылар бір ауыздан Желтоқсан құрбаны Е. Сыпатаевты еліміздің ең жоғары наградасы "Халық Қаһарманы" атағына лайық деп шешіп,  өз ұсыныстарын білдірді.