Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінде жергілікті қолөнер шеберлерін насихаттау мақсатында «Еңбек пен өнер егіз» атты көрме құрылды. Көрмеге шебер қолөнерші, шекмеші Жақсылық Кәменовтің қаңылтыр бетіне бедерлі бейнелер салған бұйымдары және Қапалбай Жапарғалиевтың ағаштан ойып жасалған туындылары қойылды. Көрмені Ғали Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары тамашалады.