«Күн қызы»

Категория: Новости
Дата: 20.11.2019
Просмотры: 281 Печать страницы
«Күн қызы»

2019 жылдың қараша айының  20 жұлдызында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Қазақтың ақын қыздары - дара туған» атты жоба негізінде «Күн қызы» атты әдеби кеш өткізілді.  Әдеби кеш қазақтың ақын қызы Әмина Шалабаеваның шығармашылығына арналған. Іс-шара барысында Әмина Асқарқызы Шалабаеваның өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылды. Ғали Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Музей қызметкерлері әдеби кеш қонақтарымен ақындық өнер туралы викторина ойнатып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға бағалы сыйлықтар сыйлады. Іс-шара қонақтары күмбірлеген күйді тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.