«Музейге сый»

Категория: Новости
Дата: 20.11.2019
Просмотры: 320 Печать страницы
«Музейге сый»

20 қараша күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде жыл бойы облыс көлемінде жүргізілген «Музейге сый» акциясының қорытынды шарасы ұйымдастырылды. Акцияға халқымыздың саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени өміріне өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғалардың ұрпақтары, туған-туыстары, елге белгілі азаматтар қатысып, өздерінде сақтаулы тұрған мұраларды, ата-бабасынан қалған құнды заттарды музей қорына табыстады. Аталмыш акцияға Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі - Зядан Қожалымов, композитор, Халық артисі Мұқан Төлебаевтың інісі Әбілмәжін Төлебаевтың қызы Виктория Төлебаева және т.б. қатысты. Акция аясында музей қорына жиналған экспонаттар негізінде арнайы көрме безендіріліп, келген қонақтарға экскурсия жүргізілді.