«Музей түні»

Категория: Новости
Дата: 21.11.2019
Просмотры: 341 Печать страницы
«Музей түні»

 

2019 жылдың 19 қарашасында М.Төлебаевтың мемориалды музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акцияны іске асыру негізінде  "Мәңгілік өлмес мұра" атты музей түні акциясы өтті.

«Музей түні» жобасының негізгі мақсаты –музейге жұртшылықтың назарын аударту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы музейдің беделін арттыру.

«Музей түні» - бұл музейдің ауыз толтырарлық мәдени дәстүрлерінің бірі. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, ауылымыздың мәдени ортасын құруға үлкен септігін тигізеді. Лепсі ауылының тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді.

Шара бағдарламасы кешкі сағат 9-да басталып түнгі 2-ге дейін жалғасты.

Бұл жолы ауыл тұрғындары мен қонақтарына музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер ұсынылды:

- «Біржан – Сара операсы – ұлы композитордың ұлы еңбегі» атты тақырыпта көрмесі композитор Мұқан Төлебаевтың ұлы шығармасы туралы кең көлемде мағлұмат берді.

- «Ұлттық музыка – ұлт мұрасы» атты тақырыпта көрмесінде ұлттық музыка аспаптары таныстырылды.

Келушілер түрлі бағдарламаға қатысып, деректі фильмдер көріп, квест ойындарына қатысты.

Музей түні акциясы барысында келушілерге  – «М.Төлебаевтың отбасы мен балалық шағы», «М.Төлебаевтың өнер жолы», «Әлемдік деңгейдегі классиктер»атты залдарына тегін кіріп, экскурсия тыңдау мүмкіндігі берілді.

Шара аяғында ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері орындауындағы концерттік бағдарламаны тамашалады.

 Бұл кеште келушілер музейдің тарихымен танысып қана қойған жоқ, оны көзбен көріп, жүрекпен сезінді деуге толық негіз бар.