«Теңге -мемлекет келбеті»

Категория: Новости
Дата: 22.11.2019
Просмотры: 278 Печать страницы
«Теңге -мемлекет келбеті»

Үстіміздегі жылдың 22 қараша күні Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи- өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне орай «Теңге -мемлекет келбеті» атты шара ұйымдастырылды. Шараға ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының бас маман экономисті Дүйсебаева Гүлмира Күлсабырқызы мен Талдықорған қаласының  № 54380 әскери бөлімінің ұжымы қатысты. Шара барысында теңгенің шығу тарихына арналған бейнеролик, теңге туралы бәрі біле бермейтін бірнеше қызықты деректер оқылып, Ұлттық банктің арнайы мерейтойларға шығарылған  монеталары қонақтар назарына ұсынылды.Шара соңы «Теңгенің шығу тарихы» атты тақырыптық экскурсиямен жалғасты.