22 қараша күні Сарқан ауданының тарихы музейінде «Музей түні» жобасы аясында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара өткізілді. Шара барысында экспозиция бойынша «Туған жердің жусаны жұпар» атты тақырыптық экскурсия жүргізіліп, «Туған жерге тағзым» атты көрме безендірілді. Экскурсия кезінде көне Қойлық қалашығының орнынан қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды экспонаттардың тарихы таныстырылып, диафильм көрсетілді.