
2019 жылдың 22 қарашасында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде мәртебесі биік, халық поэзиясының көшін бастап, көсемі атанған Жамбыл бабамыздың өнер жолы жайында "Жамбыл халықтар достығы жыршысы" атты тақырыпта " Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының" 1-курс студенттеріне дәріс оқылды. Жамбыл Жабаевтың өнері мен өмірін жас ұрпаққа тереңірек түсіндіру мақсатында өткен іс-шарада студенттер өзара пікір таласып, сауал-жауап ретінде жалғастырды.