«Елдің күші - бірлігі»

Категория: Новости
Дата: 27.11.2019
Просмотры: 220 Печать страницы
«Елдің күші - бірлігі»

2019 жылдың 27 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері тарихымыздың беттеріне алтын әріптермен жазылған әйгілі Аңырақай шайқасына 290 жыл толуына орай «Елдің күші - бірлігі» атты шара ұйымдастырды. Шараға ЖМУ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Ө.Қуанхан, №5 орта мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі І.М.Розакова, Талдықорған агро-техникалық колледжінің тарих пәні мұғалімі Т.Т.Мұхаметова  және колледж студенттері қатысты. Шарада  Еуразияның ұлы даласын тұлпар тұяғымен дүбірлеткен баһадүр бабаларымыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын, әлем елдерінің қарулы күштерін қабылдауы, әскери жүйесін жасақтағаны туралы жан жақты деректер айтылды.