"Тарихы сырға толы Қасиетті Қапалым"

Категория: Новости
Дата: 27.11.2019
Просмотры: 347 Печать страницы

2019 жылдың 27 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері жасөспірімдердің туған өлке тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту мақсатында Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына «Тарихы сырға толы Қасиетті Қапалым» атты лекция оқыды. Лекция барысында Қапал бекінісінің құрылуы, өңірдің айшықты жерлері мен шипалы сулары туралы баяндады. Және қасиетті мекеннің сұлу табиғатының суреттері көрсетілді. Оқушылар лекциядан мол мағлұмат алды.