"Әкем,шешем және мен"

Категория: Новости
Дата: 17.09.2018
Просмотры: 471 Печать страницы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отбасы күніне" орай Мамания орта мектебінің спорт залында бастауыш сыныптар арасында "Әкем,шешем және мен" атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. 
Шара қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау және тәрбие негізі отбасынан басталатынын сонымен қатар сыйластық, ауызбіршілік, жарасымдылық бар жерде әрқашан жеңістерге жететінін түсіндіру мақсатында өтті. Қатысушылар 8 тур бойынша сайысқа түсті. Шара соңында жеңімпаздар анықталып музей қызметкерлері тарапынан мақтау қағаздарымен сыйлықтармен марапатталды.