«Елбасы – ел тірегі»

Категория: Новости
Дата: 29.11.2019
Просмотры: 290 Печать страницы
«Елбасы – ел тірегі»

Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты  тарих сағаты өткізілді. Шараға Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қ.Майкөлемова, Қапал ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі  Хасен Тұматаев және 7 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері қонақтарды  Елбасының өмір жолымен таныстырып, балалық шағы туралы бейнеролик көрсетті. Оқушылар ән салып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Елбасының жазған еңбектерінен  кітап көрмесі құрылып, қонақтардың назарына ұсынылды.