«Елбасы – елдің тірегі»

Категория: Новости
Дата: 29.11.2019
Просмотры: 238 Печать страницы
«Елбасы – елдің тірегі»

         2019 жылдың 28 қарашасында  Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  «Елбасы – елдің тірегі» атты танымдық сағаты Байысов атындағы орта мектеп оқушыларына өткізілді. Сонымен қатар «Елін бастаған Елбасы атты» көрме безендіріліп көпшілік назарына ұсынылды. Елбасының өмір жолы мен шығармашылығын, тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектерін насихаттайтын кітаптары таныстырылды. Мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау. Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы мағлұмат алған оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.