" Елбасы жолы - ұрпаққа өнеге"

Категория: Новости
Дата: 29.11.2019
Просмотры: 480 Печать страницы

29 қараша күні Шелек тарихи - өлкетану музейі, кітапхана жəне мектеп ұжымы арасында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, "Ел тірегі Елбасы " тақырыбында танымдық іс -шара ұйымдастырды. Мақсаты : оқушыларға Н. Ə. Назарбаевтың өмірін, еңбек жолын үлгі -өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру . Шарада " Елбасы жолы - ұрпаққа өнеге" тақырыбында оқушылардың өз қолдарынан шыққан суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің Елбасына арнаған өлеңдерін жатқа айтып, əндерін орындады. Елбасының балалық шағынан осы күнге дейінгі өмірінен " Ұлы дала перзенті" атты слайдта көрсетілді.