"Елін сүйген-Ел басы"

Категория: Новости
Дата: 30.11.2019
Просмотры: 261 Печать страницы

Бүгін, 29-қараша күні Жаркент қаласындағы "Жауынгерлік Даңқ музейінде" қаламыздағы Еңбекші орта мектебінің 5-сынып оқушылармен бірлескен 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналған "Елін сүйген-Ел басы" тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Шара барысында ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен ел үшін атқарған еңбегі туралы баяндалды. Оқушылар ән салып, би биледі. Патриоттық, Отан, туған жер жайлы тақпақтарын нақышына келтіре айтып өз өнерлерін көрсетті. Елбасымыздың құрметіне тойланатын-Тұңғыш президент мерекесімен келген барша көрермендерді құттықтап, сөз соңын музей меңгерушісі Қ. Ибрайымжанов қорытындылады.