«Қазақ әдебиетінің құлагері»

Категория: Новости
Дата: 04.12.2019
Просмотры: 297 Печать страницы
«Қазақ әдебиетінің құлагері»

Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсанында Ақын Сараның мемориалды музейінің  қызметкерлері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің құлагері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Тақырыптық экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің 6,7 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері  ақынның өмір жолы мен шығармашылығын таныстырып өтті. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын білдіріп,  сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.