«Бақ мекен Жетісу»

Категория: Новости
Дата: 04.12.2019
Просмотры: 313 Печать страницы
«Бақ мекен Жетісу»

Алматы қаласындағы Алматы облысының мәдениет күндерінің аясында 02.12.2019 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде би, шешен Балпық би Дербісәліұлының 325 жылдығы, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженері, тарихшы, ғалым М.Тынышпаевтың 140 жылдығы, І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына арналған «Бақ мекен Жетісу» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылады. Көрмеге «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК  және оның филиалдары қорынан алынған барлығы 100-ден астам экспонат қойылды. Оладың қатарындағы Балпық бидің дулығасы, Ілияс ақынның жейдесі, қолжазбалары, отбасы қолданған тұрмыстық заттар, М.Тынышпаевтың архивтік құжаттары мен фотосуреттері және т.б. музейлік маңызы бар заттар арқылы Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұралары қалың көпшілікке таныстырылып, өмірі мен қызметтері жайлы құнды мәліметтер берілді.