«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Категория: Новости
Дата: 04.12.2019
Просмотры: 269 Печать страницы
«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Үстіміздегі жылдың 3-желтоқсанында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Алматы қаласында Алматы облысының мәдениет күндеріне орай «Алтын адам – ғасыр тарихы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрме барысында темір дәуірі кезеңінде табылып, еліміздің атын әлемге паш еткен мақтанышымыз, құнды жәдігер «Алтын адам» және оның элементтері сондай-ақ сол дәуірдің құнды заттары сақтардың қолданған қыш ыдыстары мен ерте темір дәуіріне тән қола қазандар жұрт қызығушылығын тудырды. Бейбітшілік нышаны «Алтын киімді адамды» таныстыру арқылы рухани байлығымызды жаңғырту, көне жәдігерлерімізді жас ұрпаққа насихаттау басты негізге алынды. Келушілерге ата-бабаларымыздың тарихы таныстырыла отырып, олардың жасаған ерліктері жайлы мақтанышпен баяндалып, сол арқылы көптеген жастардың жүрегіне мақтаныш, құрмет сезімі ұялағаны анық.