«Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені»

Категория: Новости
Дата: 06.12.2019
Просмотры: 313 Печать страницы
«Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені»

2019 жылдың 5 желтоқсан күні туған өлке табиғатының ерекшелігін, ел ырысына айналған табиғи байлығын, мекендейтін жануарлар дүниесі мен құстар, өсімдіктер әлемін насихаттау мақсатында, Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейі  мен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты мекемесімен бірлесе отырып, «Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені» тақырыбында танымдық шара өткізді.Шарада Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты мекемесімен экскурсия нұсқаушысы Серік Әбілов, құстар мен өсімдіктердің өмір сүру жағдайы, ерекшеліктері, пайдасы жайлы түсіндіріп, жиынға қатысушы «Ақдала» орта мектебінің тарих пән мұғалімдері мен оқушыларының сұрақ-сауалдарына жауап берді.