«Әуелден өлең жырға құштар жаным»

Категория: Новости
Дата: 09.12.2019
Просмотры: 311 Печать страницы
«Әуелден өлең жырға құштар жаным»

Үстіміздегі жылдың   9 желтоқсанында   Жамбыл Жабаев әдеби - мемориалды   музейінің қызметкерлері  Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Әуелден өлең жырға құштар жаным» атты Жамбыл орта мектебінің  оқушыларының қатысуымен жыр  байқауы өткізілді. Байқауға 4-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты қазақтың әйгілі ақыны, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынованың өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең-жырларын оқушыларға жаттатып білімдерін одан әрі шыңдауларына үлес қосу. Комиссия құрамының шешімімен 1-ші орынды Амантаева Айгерім, 2-ші орынды Шаштай Таңшолпан, 3-ші орынды Естай Әлібек иеленді. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат мұндай іс-шаралар болашақта үлкен деңгейде өтетіндігін атап өтіп, басқа да қатысушыларға өз алғысын білдіріп  ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.