
2019 жылдың 9 желтоқсан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында Жетісудың құндылықтары және Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұраларымен танысып, құнды деректер айтылды.