"Желтоқсан желі ызғарлы..."

Категория: Новости
Дата: 10.12.2019
Просмотры: 357 Печать страницы

Бүгін Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде "Желтоқсан желі ызғарлы..." тақырыбында Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске  алу және Е. Сыпатаевты мемлекетіміздің ең жоғарғы марапаты "Халық Қаһарманы" атағына ұсыну жайлы кездесу кеші өтті. Кездесуге ПҚ "Желтоқсан Ақиқаты" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Б. Құрымбаев, осы бірлестіктің  Алматы облысы бойынша жетекшісі І.Тойлыбайұлы,  орынбасарлары - І. Мұсабаев, Е. Айтуаров пен ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Илипов, ақын,  жазушылар Ә. Төреханұлы,  М. Солтанаев,  т. б. желтоқсаншы қыз-жігіттер мен қаламыздағы Жамбыл,  Еңбекші орта мектебінің оқушылары қатысты. Кеш соңында қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар осы бір игі бастаманы қолдайтындықтарын білдіріп,  қолдарын қойып,  мөрлерін басты. Музей қызметкерлері  ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткізген кешті меңгеруші Қ. Ибрайымжанов қортындылады. Құрметті қонақтарға "Алғыс хаттар" мен Желтоқсаншы куәлігі тапсырылды.