
10 желтоқсан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж студенттері мен мұғалімдерінің қатысуымен "Қазақ халқының салт-дәстүрілері" тақырыбында экскурсия жүргізілді. Аталмыш тақырыпта құрылған экскурсия халқымыздың алтын қазығы, оның салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрпының құндылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында, ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тұрмыстық салт-дәстүрлердің ерекшелігін даралап көрсететін мазмұнға бай экскурсиядан алған әсерлерлері мол болды.