Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ" атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Аталған іс - шараның ашылуы мемлекеттік әнұранмен басталып, ары қарай Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін жас ұрпақтың санасына сіңіре отырып, желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасы түсіндірілді.Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың ерлігі жайында түсіндіріліп, батырлығын насихаттау барысында "Желтоқсан желі ызғарлы"атты бейнебаян көрсетілді.
Пресс-центр
"Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ"
Категория: Новости | |
Дата: 11.12.2019 | |
Просмотры: 271 | Печать страницы |