«Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары»

Категория: Новости
Дата: 11.12.2019
Просмотры: 303 Печать страницы
«Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары»

2019 жылдың 10 желтоқсан күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Талғар ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары» атты тақырыпта музей түні өтті. Жиынға Талғар ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Мамырбековна, Талғар аудандық кітапханасының қызметкерлері, Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, музей залдарымен танысты.