Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 12-де Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, желтоқсан құрбандарының ерлігін паш ету, жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Тәуелсіздік-қасиетті ұлы ұғым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға Қапал ауылдық ақсақалдар және әжелер алқасының мүшелері, Қапал ауылдық кәсіптік колледжінің ұстаздары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Бүгінгі шарамыздың қонағы, желтоқсан оқиғасының куәгері Арман Жиенқожанов желтоқсан оқиғасын баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелде «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» атты баяндама оқылып, Облыстық жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Абдрахманұлы «Тәуелсіздік тұғырым» атты арнауын оқыды.