« Тәуелсіз елім - Қазақстаным!»

Категория: Новости
Дата: 12.12.2019
Просмотры: 231 Печать страницы
« Тәуелсіз елім - Қазақстаным!»

2019 жылдың 12 желтоқсан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай « Тәуелсіз елім - Қазақстаным!» атты іс- шара ұйымдастырды. Іс- шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері «Жетісулық Желтоқсандықтар» қоғамдық қорының төрағасы Жүнісхан Ермұхан және мүшелері Чукаева Ғайния, Көксеген Гүлнар қатысып, қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күннің естеліктерімен бөлісті. Шара барысында желтоқсан көтерілісіне орай арнайы дайындалған бейнероликтер сондай- ақ, Оқушылар сарайының «Жас актёр» үйірмесінің жеткіншектерінің поэтикалық арнаулары қонақтар назарына ұсынылды. Шараның соңында ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының қызметкерлері келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.