
Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында Есік археологиялық - өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай "Өткен күрестер жеңісі- Тәуелсіздік жемісі" атты іс - шара ұйымдастырылды. Шара барысында әнұран орындалып, Р. Тоқатаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары Желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетіп, патриоттық әндер орындады.