"Тәуелсіздік – ел тірегі"

Категория: Новости
Дата: 13.12.2019
Просмотры: 250 Печать страницы

2019 жылдың желтоқсанның 13-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың  әдеби-мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Жамбыл ауылының Мәдениет үйінің меңгерушісі Шаштай Ермек, мәдениет үйінің бас маманы Ахметова Шолпан, Жамбыл ауылының кітапхана меңгерушісі Анарбекова Перизат және Жамбыл орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Қалабаева Айым, музей қызметкерлері мен бір топ қонақтар қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу.