«Есімдері ел есінде»

Категория: Новости
Дата: 23.12.2019
Просмотры: 280 Печать страницы
«Есімдері ел есінде»

Ү.ж. 19 желтоқсан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жазушы, ғалым, публицист, мемлекет-қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар  академиясының академигі,  филология ғылымдарының кандидаты, танымал бейімбеттанушы Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов  өмірі мен шығармашылығына арналған «Есімдері ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты:  Т.Бейісқұловтың  журналистика саласында, жазушылық кәсіпте де өзінің ерекше тұлға  болғанын көпшілікке насихаттау, жазушының еңбектерімен таныстыру. Көрмеге жазушының марапаттары, қолданған заттары, еңбектері және Б.Майлиннің өмірін зерттеген мақалалары қойылды.