«Жарық жұлдыз сөнбейді»

Категория: Новости
Дата: 24.12.2019
Просмотры: 351 Печать страницы
«Жарық жұлдыз сөнбейді»

      2019 жылдың 20 желтоқсан күні Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері            Н. Алдабергеновтың туған күніне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музей және ауылдық округінің мекеме ұжымдары Еңбек Ерінің рухына құрмет көрсетіп ауыл орталығында орналасқан Н. Алдабергенов ескерткішіне және Көксу ауданы Мұқыры ауылының маңындағы зират-кесенеге барып гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді, естеліктер айтылып, құран бағышталды. Сонымен қатар музей ғимаратында «Жарық жұлдыз сөнбейді» атты іс-шара ұйымдастырылып, елі мен жерін ерекше қадірлеп сүйген ерен ердің ұлағатты өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп,  дәріс оқылып, келушілерге тегін экскурсия жүргізілді. Еңбек ерінің ерлігін үлгі еткен М. Байысов атындағы орта мектеп оқушылары өлең жолдарын оқып өз өнерлерін көрсетті.