Үстіміздегі жылдың 24 желтоқсанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ақын қыздары – дара туған» атты жоба негізінде «Күй анасы» тақырыпта әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш қазақтың күйшісі Дина Нүрпейісова мен ақын Ұлбике Жанкелдіқызының шығармашылығына арналған. Іс-шара барысында өнер иелерінің өмірбаяндары мен шығармашылық жолдары таныстырылды. Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары Ұлбике Жанкелдіқызының өлеңдерін жатқа оқып, Дина Нүрпейісованың күйін ойнады.