«Жас экскурсия жүргізуші»

Категория: Новости
Дата: 30.12.2019
Просмотры: 276 Печать страницы
«Жас экскурсия жүргізуші»

Үстіміздегі жылдың 27-ші желтоқсанында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласының негізінде «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірмеге қатысқан оқушылар арасында байқау өткізілді. Байқау мақсаты: оқушылардың жігерлігін, еңбекке деген құштарлығын арттыру, тың талант иелерін анықтап, талабына сай ынталандырып, ең үздік жас экскурсия жүргізушіні анықтау. Байқауға қатысқан әр оқушы бір жыл көлемінде үйірмеден алған білімдерін іс жүзінде көрсете білді. Әділқазылардың шешімімен 1-ші орынды Әділбек Мина, 2-ші орынды Нұркелді Марина, 3-ші орынды Таңжарық Әлия иеленіп, марапаттар мен бағалы сыйлықтар алды.