Үстіміздегі жылдың 7 қаңтарында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Жұлдызды қонақ» атты шығармашылық алаң ұйымдастырылып, ақын Танакөз Толқынқызының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақын – елдің ардағы» тақырыпта әдеби кеш өтті. Мақсаты: Еліміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа таныстыру, жастардың ақындық өнерге сүйіспеншілігін арттыру. Әдеби кеш қонақтары: ақын, Алматы Облыстық жазушылар одағы филиалының директорының орынбасары Жангелді Немеребай; ақын, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мәулен Әнербай; әнші, композитор Нұржан Ахметбек; ақын Әмина Адайхан. Іс-шарада Танакөз Толқынқызы мен мектеп оқушылары арасында ақынның шығармашылығы туралы әдемі әңгіме өрбіді. Ақынның лирикаға толы, сырлы өлеңдері оқылып, әннен шашу шашылды. Кеш соңында қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.