Танакөз Толқынқызымен кездесу кеші

Категория: Новости
Дата: 13.01.2020
Просмотры: 266 Печать страницы
Танакөз Толқынқызымен кездесу кеші

                2020 жылдың 9 қаңтар күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын, журналист Танакөз Толқынқызымен кездесу кеші өтті. Шараға Қазақстан  Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалы басшысының орынбасары Жангелді Немеребаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Абылай Қармысов, әнші-композитор Нұржан Ахметбек және Жетісудың дарынды да жалынды жас ақындары қатысты. Поэзиялық шара барысында кездесу кеш иесінің  лирикалық өлеңдері  оқылып, сыр-сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, Танакөз Толқынқызының сөзіне жазылған, «Солқылдасын жүректе ұлып бір ән» атты әннің тұсаукесерінен соң, қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.